Білім ошағымызда 1-сынып оқушыларының алғашқы үлкен белесі – «Әліппемен қоштасу» мерекелік іс-шарасы салтанатты түрде ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – білім нәрімен сусындап, әріп танып, сауатын ашқан бүлдіршіндердің алғашқы қуанышын бөлісу, олардың білімге деген құштарлығын арттыру және алғашқы оқулығы – Әліппеге деген құрметін қалыптастыру.

Салтанатты кеш барысында бүлдіршіндер өздерінің алған білімдерін ортаға салып, әріптер туралы өлең-жырларды мәнерлеп оқыды, әуезді әндер шырқап, мың бұрала би биледі. Сонымен қатар, ақыл-ойды дамытатын жұмбақтар шешіп, Әліппеден үйренген білімдерін сайыс түрінде көрсетті.

Мектеп әкімшілігі мен ата-аналар сөз алып, алғашқы белесті бағындырған кішкентай оқушыларды, олардың ұстаздарын құттықтап, жылы лебіздері мен ақ тілектерін білдірді.

Әліппемен қоштасқан 1-сынып оқушылары енді «Ана тілі» және «Математика» оқулықтарымен білім жолын одан әрі жалғастырады. Кішкентай өрендерімізге білім шыңдарын бағындыруда толағай табыстар тілейміз!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *