Мектебімізде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті
Бөбектер мен мектеп оқушыларының бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мақсатында білім ошағымызда ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай – ұлттың ұлы темірқазығы» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Қара сөздерінен» сахналық қойылымдар көрсетті. Сонымен қатар мектеп өнерпаздары Хакім Абайдың асыл әндерін әуелете шырқап, келген қонақтарға ерекше рухани әсер сыйлады.
Абайдың мұрасы – таусылмас қазына. Бұл іс-шара жас өрендерді ақынның «Толық адам» іліміне сай адалдыққа, білімділікке және отансүйгіштікке тәрбиелеудегі маңызды қадам болды.