«SARI BULAK» бастауыш мектебі салтанатты түрде ашылды

2025 жылдың 2 қарашасында білім беру саласындағы маңызды оқиға орын алып, «SARI BULAK» бастауыш мектебі өз есігін салтанатты түрде ашты.

«Жаңа мектеп – жаңа үміт, жаңа болашақ» ұстанымымен жүзеге асқан бұл жоба өңірдегі білім беру сапасын арттыруға, балаларға заман талабына сай қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жаңа оқу орны озық технологиялармен және оқу құралдарымен жабдықталған.

Іс-шараға ардақты ұстаздар, ата-аналар, мектеп оқушылары мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысып, жаңа шаңырақтың ашылуымен құттықтады. Салтанатты жиында сөз алған қонақтар өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру – ел болашағының кепілі екенін атап өтіп, ұжымға сәттілік тіледі.

Мектептің ашылуы – ауыл өміріндегі елеулі рухани және әлеуметтік қуаныш. Бұл бастама жас ұрпақтың сапалы білім алуына кең жол ашып, жаңа жетістіктер мен биік белестерге жетелейтіні сөзсіз.

От admin

Один комментарий к “Біз ашылдық”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *